Түпкі атауы: Сказ о розовом зайце
Жылы: 2010
Ел: Қазақстан
Жанры: драма, криминал
Фильм рейтингі: 7.5
Премьерасы: 26 тамыз, 2010 жыл
Режиссері: Фархат Шарипов
Рөлдерде: Әнуар Нұрпейісов, Максим Акбаров, Қарлығаш Мұхамеджанова, Фархад Абдраимов, Бақтияр Қожа, Мұрат Бисенбин, Саят Исембаев және т.б.
Фильм Алматыдағы ЖОО-ның бірінде білім алып жатқан 3 курс студенті Ерлан жайлы. Ол алыс ауылдан қалаға арман қуып, мол табысқа кенелу үшін келген қарапайым ауыл баласы. Ерлан болашағынан мол үміт күтетін, өскен ортасы мен алған тәрбиесі оны өмірде адал болуға, қарапайым болуға, бастысы жаман қылықтардан ада, адамгершілікте өмір сүруді үйреткен. Өзінің алға қойған мақсаты мен жылдар бойы ұстанып келе жатқан өмірлік қағидаттары бар Ерлан қалаға келген соң, әсіресе қаланың "алтын жастарының" ортасына түскен соң ол қағидаларымен күресуіне тура келеді. Себебі бұл жердің өз заңы, өз талабы бар. Ол заңдарға не сен бой сұнасың, не заңдар саған бой сұнады. Өзінің адамгершілік принциптері мен өмірлік қағидаттарын сақтай отырып, осы ортада аман қалу үшін Ерлан не істейді?
|
0 Коментариев администрирование
Басқа телеканалдар
|
|
|