Жылы: 2012
Елі: Қазақстан
Жанры: драма
Фильм рейтингі: 7.8
Премьерасы: 11 қазан, 2012 жыл
Режиссері: Ермек Тұрсынов
Рөлдерде: Ерболат Тоғызақов, Орынбек Молдахан, Ісбек Әбілмәжінов, Оңдасын Бесікбасов, Ержан Бесікбасов, Ержан Нүсіпақынов, Олег Полторацких, Диана Мұқашева, Аман Малдыбаев, Игорь Горшков, Гүлбахрам Байбосынова
Сюжеттік желіге келсек, жапан түзде көпті көрген Қасым шал мен оның немересі Ерасыл анасымен бірге өмірін сүріп жатқан көріністен басталады. Фильмнің қызығы Қасым шалдың футболды өліп сүйетін жанкүйер екенімен қызды. Испания футбол лигасын мүлт жібермей көретін шалдың немересі жаңа заманның ұрпағы. Оның ақыл-ой үрдісі тіптен бөлек. Жаймашуақ жаз да бітіп арты күздің ысқырық бораны өз қаһарына міне бастаған шақта көршісі Исабек қонақ ақысы ретінде қолқа салады. Ол өз достарымен біріге арақ ішу мақсатында Қасым шалға өз атарын беріп, қыстауға жөнелтеді. «Мен ұрлыққа шыққан түні ай жарық бопты» дей ме... Әйтеуір «қырсық» шалдың тура алдынан ақырып тұрып қарлы боран шығады екен ғой. Үш күн бойы жапан түзде қос жау: қасқыр мен боран торған кезде шалдың шарайна ақылы ары ауып, жынды болуға айналады.
Мазарда түнеген, жыңғылдан қоршау жасап, от тұтатқан, тастанды үйде қой жүнін тұтатқан кездің барлығы да басты кейіпкеріміздің жүйкесін жеп бітірген. Фильм барысында өлген қасқырлар мен өңгерілген қойлардың құны қайда дегенбіз. Бекер екен. Кейінгі Ермек Тұрсыновтың бұл айласы бізді алдап соққан екен – ешқандай да жануар бұл фильм барысында залал көрмеген болып шықты! Айла-тәсілі көзімізді алдаған режиссердің біліктілігі дедік.
Әрмен қарай, жақсылықтың өтеуі алдағы өмірде, тіршіліктің темірқазығы – ар-ұят, абырой-бедел, қанағат сабыр деп ұққан заманның ескілігі мен жаңалығы тартыс барысын тереңдете білді. Қарияның қар-борандағы қасқыр Құртқамен алысу стратегиясы өз жемісін берді. Тахауи Ахтановтың «Боран» шығармасына ұқсастығын былай қойғанда, тура сол туындының экранизацияланған (әлде драмаланған десек те болады) нұсқасын көріп отырғандай болғанымызды жасырмаймыз. Қасболат... кешіріңіз... Қасым шалдың немересі Ерасыл ерледі. Амалы таусылған атасының жапандағы дауысын сезгендей болып, ол жатқан жерге дейін белгісіз бір қаисет арқылы тауып алады. Міне, дәл осы ретте фильмнің тартысы бәсеңдей береді. Үрпиісіп, жақтасып отырған көңіліміз босай, арқамызды жазып кең демалдық. Құртқа да камера обьективінде өзінің шебер актер бола білетіндігін дәлелдеп берді.
|
0 Коментариев администрирование
Басқа телеканалдар
|
|