Фильм желісі Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда болған ауыр оқиғаларға негізделген. Жер аудару. Сталинның 70 жылдық мерейтойы. Қазақ жеріндегі кеңестік атом бомбасының алғашқы сынағы. Кеңес үкіметі жер аударған мыңдаған адам тиелген вагондар қазақ даласымен жол жүріп келе жатады. Еш мүлік, азықсыз қазақ ауылына келген әрбір азаматты жергілікті халық жат көрмей, қол ұшын созып, жәрдемдеседі. Ал вагон ішінде, яғни жолда қаза тапқандарды кезекті станцияда түсіріп жатқан кезде теміржол қараушысы Қасым мүрделердің арасынан тірі жатқан баланы тауып алады. Баланы өзгелерден жасырып, ауылына алып кетіп, бауырына басады. Еврей ұлтының баласы бес жасар Саша жақындарынан айырылған, жалғыз басты Қасымды «Ата» деп кетеді. Сашаға атасы Сабыр деп ат қояды. Сабыр балақай қазақ тілін үйреніп, қазақ әндерін орындайды. Газет бетінен Сталинге сыйлық жасауға болатынын оқыған ол өзінің Кипяток атты лағын сый қылып беріп, есесіне әке-шешесін темір тордан босатуын сұрайды. Қасым ата Сабырды оған өз атасы тапсырып кеткен жеке заттарды беріп, жолға дайындайды. Сабырдың әке-шешесі бейнеленген фотосурет артында жазылған Ресей еліндегі туысқандарының мекен-жайын айтып, Сабырды пойызға отырғызып жібереді. Көп ұзамай, 1949 жылы 29 тамызда Қасым ата ауылының маңында алғашқы атомдық бомба жарылысы өтіп, ол Сталин мерейтойына жасалынған сыйлық болады. Араға жылдар салып Сабыр Иерусалимге сапар шегіп, өзін аман алып, бауырына басқан қазақтың ауылына келеді.
Рөлдерде: Нұржұман Ықтымбаев, Екатерина Редникова, Бақтияр Қожа, Дален Шентіміров, Вальдемар Шчепаняк, Александр Баширов, Ерболат Тоғызақов, Самат Мырзаханов
Жылы: 2008
Елі: Қазақстан, Ресей, Польша, Израиль
Жанры: тарихи драма
Фильм рейтингі: 8.9
Премьерасы: 16 қазан, 2008 жыл
Режиссері: Рүстем Әбдірашев
|
0 Коментариев администрирование
Басқа телеканалдар
|
|