"Әлсіз баланы қорлама - ол жолбарыстың баласы болуы мүмкін"- моңғол мақалы осылай дейді. Кішкентай бала Темучин, есейгенде бүкіл әлемді алақанында ұстаған Шыңғыс Хан болу маңдайына жазылған, бала кезінен жетімдіктің,қорлықтың, аштық пен құлдықтың азабын тартып өседі. Оны қудалайды, оны сатып кетеді, оған қастандық жасайды. Бірақ ол бәрінен құтылып тірі қалады, тірі қалып қана қоймайды, өзіне қорлық жасағандардың бәрінен кегін алады. Оның ақыл- парасаты мен күш- қайраты оны бала Темучиннен ұлы әмірші Шыңғыс хан дәрежесіне дейін көтереді. Оның әрдайым жанында болып, оған әрдайым қолдау көрсеткен алғашқы әрі сүйікті жары Бөрте болады.
Рөлдерде: Таданобу Асано, Хулан Чулуун, Сунь Хунлэй, Батдоржийн Баасанджав, Алия, Ба Ти, Амаду Мамадаков, Хэ Ци , Одням Одсурэн, Баярцэцэг Эрдэнэбат, Амарболд Тувшинбаяр, А Юэр, Теген Ао, Бай Ин, Баерцецег Ерденабат, Ден Ба Те Эр, Сай Хин Га
Жылы: 2007
Елі: Қазақстан, Ресей, Германия
Жанры: тарихи драма
Фильм рейтингі: 7.3
Премьерасы: 8 қыркүйек, 2007 жыл
Режиссері: Сергей Бодров үл.
|
0 Коментариев администрирование
Басқа телеканалдар
|
|