Бибігүл – жалғыздықты серік еткен, салқынқанды, талапшыл әйел. Есесіне табысты, іскер. Өмірінде орын алған қайғылы оқиғадан соң, ел-жұрттан оқшауланып, эмоциясыз ғұмыр кешуді қалайды.
Бірде көрші тұратын кішкентай Андрей мен оның анасы Нинамен араласып, бауыр басып қалады. Бір қарағанда оларды байланыстыратын ерекше күш бар секілді, алайда көп ұзамай жақындасқан көршілері де ізім-қайым жоқ болып кетеді.
Бибігүл көңілсіз күйге қайта оралады. Тағы да сол жалғыздық. Енді оны осы бір тұңғиықтан құтқаратын кім? Балаларына ана іздеген Ермек Бибігүлге сезімін білдіріп, отбасын құрмақ болады... Кейде алыстан іздеген бақытың саған тым жақын, қол созым жерде тұрғанын байқамай қаласың.
Ал тағдыр талқысына түскен Бибігүл өз бақытын қалай табады? Телехикаяда Бибігүл есімді арудың тартысқа толы өмірі, бүтін бір отбасының шытырман оқиғалары баяндалады.
Режиссері: Ернар Нұрғалиев.
Басты рольдерде: Кәмшат Жолдыбаева, Дәстен Шәкіров, Азат Сейітметов, Егор Злобин, Медғат Өмірәлиев, Балтабай Сейітмамытұлы, Асан Мажит, Майра Омар, Жәния Қалиева, Әмина Ауталиф.
"Өгей жүрек" телехикаясы (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12 серия)
|
0 Коментариев администрирование
Басқа сериалдар
|
|