Бейбит Кушкалиев - Ол биледи
Ол бiледi өзiн,
Таңғажайып тұлғасы.
Тартты көптiң көзiн,
Сырнайлы сыңғыр сырғасы:
Ол бiледi өзiн,
Қимылдары ырғақты.
Көрсең жүрген кезiн,
Қадамы әрбiр қымбатты.
Қайырмасы:
Ол үшiн би алаңы,
Өзiңдей ару мекенi.
Жетелеп қиял әнi,
Асығып жетемiн.
Ғажайып сұлу қыздың,
Сеземiн сонда екенiн.
Ерекше нұрлы жүзiн,
Армандап өтемiн.
Ол бiледi өзiн,
Артық ұстап бағасын.
Махаббаттық сезiм,
Күлкiсiндегi жарасым.
Ол бiле ме, бiрақ,
Ғашық болып қалыппын.
Мен үшiн ол - шырақ,
Арайлы аспан, жарық күн.
Қайырмасы:
Ол үшiн би алаңы,
Өзiңдей ару мекенi.
Жетелеп қиял әнi,
Асығып жетемiн.
Ғажайып сұлу қыздың,
Сеземiн сонда екенiн.
Ерекше нұрлы жүзiн,
Армандап өтемiн.