Жылы: 2008
Елі: Қазақстан, Франция, Ресей, Германия
Жанры: қиял- ғажайып, драма
Фильм рейтингі: 7.0
Премьерасы: 5 қыркүйек, 2008 жыл
Режиссері: Гүлшат Омарова
Рөлдерде: Несипкүл Омарбекова, Фархад Аманқұлов, Алмат Аянов, Төлепберген Байсақалов, Әсел Абутова, Нұрлан Әлімжанов, Тоқтар Бексенов, Саят Мерекенов, Олжас Нүсіпбаев, Азамат Сатыбалды
Қазақ даласының алыс бір түкпірінде, автожолдың бойында ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан бақсы тұрады. Айдай. Жоғалғанның жоғын, аурудың емін тауып, баласы жоққа бала, панасы жоққа пана тауып беріп жүрген осы аймақтағы белгілі бақсы. Оның бұл бақсылық қасиеті тек осы жерлерде ғана іске асады. Оның түсінігінде бұл топырақтар оның ата- бабасынан қалған қасиетті мұра. Оның бар күші- бұл топырақтарда.
Бірақ,пайда соңына түскен кәсіпкерлер, бұл жерге ойын- сауық орталығын салмақ болады. Сатуға келіспеген бақсыны күштеп- қорқытып көшірмек болады. Солай бақсының қарғысына қалады.
Шарасыз қалған бақсыға көмекке Батыр келеді. Кезінде Батырдың әйелін бедеуліктен емдеп шыққан болатын. Жер дауы қан дауына айналады.
Фильм Қазақстандағы ежелден келе жатқан бақсылардың соңғы тұяғы Бибіфатиманың өмірінен алынған.
|
0 Коментариев администрирование
Басқа телеканалдар
|
|
|