Категория: Текст песни |
Смотрели: 52337 |
Формат: txt |
Дата добавления: 22.10.2016 |
Добавил(а): Гость |
|
 |
Аруларға арналып бар аңсар әнім,
Серілікпен өткіздім қаншама күн.
Өз көзіме қалдым-ау өзім сенбей,
Кездескенде алдымнан, аңсағаным.
Өз көзіме қалдым-ау өзім сенбей,
Кездескенде алдымнан, аңсағаным.
Қайырмасы:
Айхай шіркін, жанарыңнын жарқылын-ай ,
Тілегіңе балдай еріп, балқыдым-ай.
Айхай шіркін, қылығыңнын тартуынай,
Айдай нұрдан жаралдың ба, алытыным-ай?
Еркелеген жарасады сымбатыңа,
Күлімдеген жамалы сырғатыңа.
Бұлқынады, жүрек бұлқынады,
Сөз таба алмай қиналып, тіл қатуға.
Бұлқынады, жүрек бұлқынады,
Сөз таба алмай қиналып, тіл қатуға.
Қайырмасы:
Айхай шіркін, жанарыңнын жарқылын-ай ,
Тілегіңе балдай еріп, балқыдым-ай.
Айхай шіркін, қылығыңнын тартуынай,
Айдай нұрдан жаралдың ба, алытыным-ай?
|