Баглан Абдраимов - Сезим сыры
Арай қосып таңдарыма,
Гүл жайнадың бағымда.
Қанат болдың арманыма,
Толқып жүрген шағымда
Қайырмасы:
Мұңын ашып қабағымның,
Күлімдедің күрсінсем.
Қайда барсам жанарымның,
Ұясында жүрсің сен
Тағдыр кешіп тарыққанда,
Мерейімді асырған.
Жалғызсырап жабыққанда,
Табылатын қасымнан
Қайырмасы:
Мұңын ашып қабағымның,
Күлімдедің күрсінсем.
Қайда барсам жанарымның,
Ұясында жүрсің сен
Жолым жұмбақ шешу қиын,
Көп ойлармен көз ілем.
Сенсіз өмір кешу қиын,
Екендігін сезінем
Қайырмасы:
Мұңын ашып қабағымның,
Күлімдедің күрсінсем.
Қайда барсам жанарымның,
Ұясында жүрсің сен